Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астаналық оқушы мүгедек арбасын 70 мың теңгеге автоматтандырған

AstanaTV
17.04.2019ж. 20:00
2426
Астаналық оқушы мүгедек арбасын 70 мың теңгеге автоматтандырған

Астаналық оқушы мүгедек арбасын 70 мың теңгеге автоматтандырған. Жоба жарысқа қатысып, 3,5 млн теңге грант ұтып алды. Енді оқушы мұндай арбаларды нарыққа шығарып, идеясын табысқа айналдырмақ. Мұның барлығы «Nur Otan» партиясының «IT сыныптар» бастамасы арқылы жүзеге асты. Қазір елде 100 мектепте IT зертханалар жұмыс істейді. Онда оқушылар физика, химия, биологиядан оқып- түйгендерін дайын өнім шығару үшін кәдеге жаратады.  

Мүтәлі ӘБУТӘЛІП, «STEAM ACADEMIA» КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: 

Олар үйлеріне не керек құрал-жабдықтарды мысалаға, Атырауда оқушылар үйге кіргенде жарықтың өшіп-сөнуі немесе домофонды қолдан жасап ата-аналарына көмек беруде. Бұл балардың болашағы зор. Олар инновацияны қалай қолдан жасау керегін үйренуде.

Бүгін бас партия «Инновация мәдениеті» тақырыбында жиын өткізді. Оған осы саладағы белді мамандар жиналды. Канадалық компания өкілі партиямен бірлесе жұмыс істеуге өтініш білдіре келген. IT сыныптарда көзге түскен балаларды әрі қарай қолдауға дайын. Қазақстанда бәсекеге қабілтті IT мамандары жоқ дейді. Сондықтан, кемі 100 маман оқытып шығуға ниетті. 

Тілектес ӘБУТӘЛІПОВ, КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ЕУРАЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДАҒЫ БАС ӨКІЛІ:  

Астана халықаралық қаржы орталығымен бірлескен біздің базада Назарбаев университетінің студенттері Айти кластер тәжірибесінен өтеді. 100 млн доллар болатын платформа құрдық. Жалпы инвестиция 4 жылда 13 млн доллар.

М. Бақытқызы