Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда екі көп қабатты үйдің тұрғындары жылусыз отыр

AstanaTV
30.10.2017ж. 20:00
2962
Павлодарда екі көп қабатты үйдің тұрғындары жылусыз отыр

Павлодарда екі көп қабатты үйдің тұрғындары жылусыз отыр. 208 пәтерде тұратын отбасылар азынаған баспанада бүрсеңдеп тіршілік етуге мәжбүр. ПИК өкілдері жағдайдан хабардар. Бірақ мәселені шешуге қауқарсыз екенін айтып ақталды. Қысым өте төмен, бұған ештеме істей алмаймыз деп, қол қусырып отыр.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Керекуде жылыту маусымы бір жарым ай бұрын ресми түрде басталған. Бірақ әлі күнге дейін жылыту құрылғыларымен жан бағып отырғандар баршылық. Қаладағы Минин және Салтыков-Щедрин көшесіндегі екі көп қабатты тұрғын үй. Міне, он шақты күн болды, мұндағы бұқара бүрсеңдеп тіршілік етуге мәжбүр. 

Готовим кушать и одновременно обогреваем духовкой квартиру. Потому что выхода нет.

Азынаған пәтерін Анастасия Клевцова осылай жылытады. Жағдай қашан оңалады деп жан-жаққа хабарласқан әйел тұшымды жауап ала алмаған. Суықтан жалғыз ұлы ауырып қалыпты.

Анастасия Клевцова, Павлодар қаласының тұрғыны:

ПИК-ке хабарлассақ, жылу желісіне шығыңдар, проблема солардан дейді. Ал олар, жылу инспекциясына барыңдар дейді. Инспекциядағылар, пәтер иелері кооперативі бар ғой солар шешсін дейді. Енді кімге жүгінерімізді білмей қалдық.

Минин көшесі 40-шы үйге қызмет көрсететін «Шмидт» кәсіпорны өкілдері жағдайдан хабардар. Мекеме директорының сөзінше, баспана жылыту маусымына дайын. Тиісті құжаттары да бар. Тек қысымның төмендігінен пәтерлер бір жылымай қойды,-дейді ол.

Галина Шмидт, тұрғын үйге қызмет көрсетуші ұйымның басшысы:

Жылу беру қысымы 6-да 8-ді құрап отыр. Ауытқу 100 грамм ғана. Соңғы подъездерде жағдай тіптен мүшкіл. Олардағы тікқұбыр тоқтап тұр деуге болады. Суық, өйткені қайтарымдағы температура 37 градус қана. Күн салқындап барады. Қашан шешіледі деп сұрасақ, күтіңдер, реттеп жатырмыз дейді. Қанша күту керектігін айта алмаймын.

Ұйым қаладағы 12 көп қабатты тұрғын үйге қызмет көрсетеді. Ал біз әңгіме етіп отырған қос бірдей көпқабатты үйде мұндай жағдай жыл сайын қайталанады екен. Бұған дейін проблема дер кезінде шешілсе, биыл созылып кетті,-дейді Галина Шмидт. Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясы өкілінің де уәжі бар.

Қизат Жақұпов, Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:

«Павлодар жылу желісі» кәсіпорны орын алған техникалық ақаулар бойынша жұмыс істеп жатыр. Белгілі бір мерзім бекітілді. Осыған байланысты ПИК өтініш беруі керек. Бұл мекенжайлар біздің бақылауымызда. Жұмыстар жүріп жатқан кезеңде «Павлодарэнергосбыт» және «Жылу желілері» кәсіпорындары бұл үйлерде қайта есептеу жүргізу мәселесін қарастыруда.  

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Тұрғын үй инспекциясының басшысы Керекудің оңтүстік желілік аумағында проблемалар барын  айтты. Бүгінде 14 көп қабатты баспанада жылу беру ісінде ауытқу бар екені тіркелген. Бұған №1 жылу электр стансасында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп,- дейді шенеуніктер.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ