Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Алматы тауэрс» ісіне байланысты қалалық ТЖД де жауапқа тартылуы мүмкін

AstanaTV
30.10.2017ж. 20:00
2898
«Алматы тауэрс» ісіне байланысты қалалық ТЖД де жауапқа тартылуы мүмкін

«Алматы Тауэрс» ісіне қатысты сот процесі жалғасын тапты. Алматыда бір жыл бұрын аталған нысанда өрт болып, алты адамның өмірі қиылған еді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамағаны үшін қалалық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оны жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тергеп жатыр. Бұл туралы адвокат Ерлан Бекболов мәлімдеді.

«Батут орталығы» үшін арнайы қондырғылар мен жиһаздар жеткізіп берген компания 5 млн теңге материалдық шығын өндіру жөнінде талап-арыз түсірген. Яғни өртенген мүлік үшін басты айыпталушы Дәурен Тұяқовтың шығынды өндіріп беруін сұрады. Адвокаттың айтуынша, қаза тапқан 5 студенттің ата-аналары «Батут орталығының» директорына кешірім берген.

Ерлан Бекболов, жәбірленушілердің адвокаты:

«Алматы тауэрс» иелері мен Төтенше жағдай департаментіне қатысты процессуалдық шешім қабылданған. Соңғысына байланысты іс Жемқорлықпен күрес бюросының қарауына жіберіліп отыр. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ