$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Парсы шығанағы елдері Катардағы билік режимінің ауысқанын қалайды - Катар әмірі

AstanaTV
30.10.2017ж. 20:00
6909
Парсы шығанағы елдері Катардағы билік режимінің ауысқанын қалайды - Катар әмірі

Парсы шығанағы елдері Катардағы билік режимінің ауысқанын қалайды. Американың CBS телеарнасына сұқбат берген Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани осылай деп мәлімдеді. Оның пікірінше, ресми Доха мен Парсы шығанағы елдері арасындағы келіспеушілікке елдің тәуелсіз ұстанымы себеп болған. Әл Тани, Катар бұл позициядан айнымайтынын, шегелеп айтты. 

Еске салайық, маусымда араб мемлекеттері Катарды лаңкестерді қолдады деп айыптаған. Тіпті бұл елмен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатқан еді. Катар басшысы айыптауларды толығымен жоққа шығарды. Алайда жағдай әлі түзеле қойған жоқ. Жуырда ғана Бахрейн Катардың Парсы шығанағындағы Араб елдерінің кеңесіне мүшелігі тоқтатылсын деп талап қойды.