Негізгі / Жаңалықтар / Б. Сұлтанов елордадағы алғашқы сенбілікті кейінге шегерді

Б. Сұлтанов елордадағы алғашқы сенбілікті кейінге шегерді

Елордада алғашқы сенбілік болмайды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала әкімі осындай ұсыныс айтты. Бақыт Сұлтанов мұны «Facebook»-тегі парақшасында жазды. Алғашқы сенбілікте қаланы қоқыстардан тазартып, ағаштар отырғызу көзделген. Дегенмен, әкім ынта-жігерді жоғалтпай, сенбілікке күн жылынған соң шығуға шақырды. Күн шуағын қайта шашқан кезде уақытты көңілді әрі пайдалы өткізетіндеріне сенім білдірді. Ал елордада күн қашан жылынады? Астанадағы ғана емес, Қазақстандағы ауа райы болжамымен Арай Кенжина таныстырады. Мен өздеріңізбен қоштасамын. Демалыстарыңыз сәтті өтсін!