Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылжарда қала маңындағы саяжайларды қызыл су басты

AstanaTV
19.04.2019ж. 20:00
3668
Қызылжарда қала маңындағы саяжайларды қызыл су басты

Петропавлдағы саяжайларды қызыл су басты. Есіл өзені арнасынан асып, 100-ге жуық саяжайға су кірген. Қазір құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасап жатыр. Халықаралық маңызы бар тас жолдың үстімен де су жүріп кеткен. «Челябі-Новосібір» бағытында қозғалыс шектелген соң көліктер айналма жолмен қатынауға мәжбүр. Құтқарушылар өзен бойында орналасқан үйлерге әзірге қауіп төніп тұрған жоқ, дейді. Олардың айтуынша, қазір өңірде тасқынның екінші толқыны басталды. Осыған дейін «Сергеев» су қоймасында су деңгейі қауіп тудырып еді.  

Рамиль КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ: 

Есіл өзенінің бойында 18 елді мекен орналасқан. Егер судың деңгейі көтерілсе, онда 850 үйге қауіп төнуі мүмкін. Бірақ, өзен деңгейі баяу ұлғайып жатыр. Тасқынның бірінші толқыны кезінде «Сергеев» су қоймасында түнде су қайтадан төрт сантиметрге ұлғайды.  

А. Құрманкин