Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Алматы-Бішкек» тас жолының маңында арнайы сауда алаңдары салынады

AstanaTV
19.04.2019ж. 20:00
3083
«Алматы-Бішкек» тас жолының маңында арнайы сауда алаңдары салынады

«Алматы-Бішкек» тас жолының маңындағы ауыл тұрғындары өз кәсібін жоғалтпау үшін арнайы сауда алаңдары салынады. Бүгін «Nur Otan» партиясы Партиялық бақылау қызметінің инспекторы Нұрлан Баймұрзаев Алматы облысындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолының құрысымен танысты. Күре жолдың «Құтты мекен» жобасы аясында ауыл халқына да игілігі мол екендігін түсіндірді, мәселелерін тыңдады. 37 шақырымдық жаңа жол 2 жылда аяқталуы тиіс. Ол үшін 18 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Мақсат - бұрынғы елді мекендердің ішімен өтетін тас жолды ауыл сыртымен айналдырып салу. Әрі жол апатын азайту. Дейтұрғынмен, жергілікті тұрғындар бұл бастама кәсібімізге кері әсерін тигізе ме деп алаңдаулы. Олар өз өнімдерін жаңа жолда да саудалай алатындай мүмкіндік жасауды сұрады.  

Нұрлан БАЙМҰРЗАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: 

Мердігерлермен келістіріп, оларға площадка жасайды. Сол жерге жағдайын жасайды. Дәретханаларға дейін, отыратын жерлерін жылы қылып. Сол жерде өз өнімдерін сата алады. Қандай проблемалар бар соны сразу шешіңдер деп айтып кетіп жатырмыз. Бұрынғыдай мердігерлер өзінің жұмысын жасап жатыр, мына тұрғындар өзінің проблемасы бар. Ондай болмау үшін «Құтты мекен» деп Елбасымыз айтты. Құтты мекен болу керек.

О. Нұржақып