$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Баласы мектеп бітірген ата-ана қанша қаражат жұмсайды ?

AstanaTV
19.04.2019ж. 20:00
3231
Баласы мектеп бітірген ата-ана қанша қаражат жұмсайды ?

Елде аста-төк дастархан жасап, қымбат шоуға айналған мектеп бітіру кештері биыл да жалғасатын түрі бар. Қалтаға салмақ салса да, даңғаза кештен ата-аналар бас тартпай отыр. Біз сұқбат алған елордадағы мектеп директорларының бірі мұны растап отыр. №53 мектеп-лицейдің директоры Зәмзәгүл Қиянованың айтуынша, биыл 130-ден аса оқушы салтанатты кешті мейрамханада тойлайды. Бұған дейін Білім және ғылым министрі мектеппен қоштасуды тек мектепте өткізу қажет деген еді.  

Зәмзәгүл ҚИЯНОВА, №53 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ: 

Әлі бір өзгерістер болмай жатыр. Бірақ енді болашақтың еншісінде. Ресторандарда атап өтуді шешсе, көбінесе ата-аналар осындай ойларымен жеңіп кетіп жатады. 130 бала болғандықтан бір жерде өткізу ол мүмкін емес. Өйткені орындарды алдын ала алып қояды. Сондықтан, әр сынып өз ата-аналарымен бөлек-бөлек өткізеді.

Қымбат мейрамхана мен көлік кортежі, бағалы көйлектер мен еуропалық стильде жүргізетін асабалар. 11 сыныпты бітірген түлектер кеші жылдағыдай осындай қып-қызыл шығынмен өтеді. Бұл байлықтағы бәсекелестік пе ? Әлде, сәннен қалмай салтанат құру ма? Баласы мектеп бітірген ата-ана бұған қанша қаражат жұмсайды? Қалтаны қаққан мектеппен қоштасу кештері туралы ертең 20:00-де «Біздің уақыт» бағдарламасында. Жіберіп алмаңыздар!  

А. Бектас