Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Украинадағы президент сайлауының жеңімпазы В.Зеленский мемелекет басшысы ретінде басты басымдылықтарды атады

AstanaTV
22.04.2019ж. 20:00
3392
Украинадағы президент сайлауының жеңімпазы В.Зеленский мемелекет басшысы ретінде басты басымдылықтарды атады

Ал, Украинадағы президент сайлауының екінші кезеңінде Владимир Зеленский үлкен басымдылықпен жеңіске жетті. Тіпті, Пётр Порошенкомен арадағы дауыс айырмашылығы- 50 пайыздан асады. Бұл-елдегі сайлаудың екінші кезеңінде бұрын соңды болмаған тарихи оқиға. Порошенко- саяси қарсыласын жеңісімен құттықтап Украиндықтардың таңдауын сыйлайтынын айтты. Сөйте тұра, саясаттан кетпеймін деп мәлімдеді.  

Түсірілім алаңынан президент орын тағына секіру. Әлемдік саясат сахнасында мұндай жағдайлар орын алған, бірақ қоғам үшін бұл қашанда кутпеген жағдай, ал, әккі саясаткерлер үшін жағымды тосынсый десе де болады. Зеленский кеше ғана өзінің жаңа түсірілімдері үшін сценарий ойластырып жүрсе, бүгін ол өз жақтастарымен бірге жеңісін тойлап жатыр. Электораттың 73 пайызын өзіне қаратқан жас саясаткер президенттік орынтақтағы жаңа жоспарларын ойластырып жатыр. 

Мен ата-аналары мен өз жақ тастарымның күші мен жігері және колдауы үшін алғыс айтамын. 

Екінші кезең нәтижесі айтпаса да түсінікті еді. Ол үшін кез-келген сайлау учкскесіне кіріп, бюлетень толы қорапқа көз салу жеткілікті. Зеленскийді таңдаған дауыс беру папақшалары өзгелерден көп болды. Ілгеріде көп сериялы фильмде қарапайым ел тұрғындарының бірі болып, президентіктен бірақ шыққан кейіпкердің рөлін шебер сомдаған актердің өмірі осылайша шындыққа айналды.  

Маған Зеленскийдің жиі айтатын «халықтың арасынан шыққан азаматтың таққа отыруы қатты ұнады.  

Поршенко ештеңе істеген жоқ. Басты мәселе осында. Зеленский дебатқа шыққанда «мен сендердің қателіктеріңнің нәтижесімін» деп айтқан болатын. Ал, халық Порошенкоға қарсы дауыс берді. Егер, оның орнында басқа адам болса мүмкін соны таңдар ма еді.  

Поршенко болса өзінің жеңілгендігін мойындады. Бірақ, саясаттан кетпеймін деп отыр.  

Петр ПОРОШЕНКО: 

Мен саясат сахнасынан кетпей, Украина үшін қызметімді жалғастыратын боламын. Менің командам сол бағытта мемлекеттің НАТО мен Еуро одаққа қосылуына жұмыс істейтін болады. Еуропамен визасыз жүйеге, украин әскері мен тілін, ділін қорғауға күш салады.

Ал, өз штабында ел алдына шыққан Владимир Зеленский жоспарларымен бөлісті. Қамауға алынған Украин әскерилерінің бостандығы үшін барын салатынын, әрі «норманд форматындағы» келісімді жалғастыратынын жеткізді.

Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

Біз Минск процесін жалғастырамыз. Яғни, қайта сүзгіден өткізіп, кадрлық өзгерістер енгізе отырып, қамаудағы азаматтарды үйлеріне қайтаруға бар күшімді салатын боламын. Әрине, толықтай бостандыққа шығара аламын деп уәде бере алмаймын, бірақ әрекет етіп көремін.

Бұдан бөлек Зеленскийді алда елдің ішкі тәртібін қалыпқа келтіру ісі де күтіп тұр. Ол бұған дейін жемқорлықты жойып, халықаралық валюта нарығын оңалтуға және Украинаның шығысына көмек қолын созуға уәде еткен. Осы жұмыстың бәрін президенттік қызметінің мерзімінде орындап шығуға ниетті. Бір қызығы оның ел көшін бастау құқына ие болуына Ресейлік эстрада жұлдыздары ерекше қуанып жатыр. Басым бөлігі әлеуметтік желі арқылы Зеленскийді құттықтаумен әлек. Олар жақын уақытта Украинаға гострольдік сапарлардың да қайта қалыпқа келетініне үміттенеді.

Р. Асқарбекұлы