Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 118 мың пәтер қолданысқа беріледі

AstanaTV
22.04.2019ж. 20:00
3586
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 118 мың пәтер қолданысқа беріледі

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 118 мың пәтер қолданысқа беріледі. 28 мыңнан астамы мемлекет қаражатына соғылады. Оның 12 мыңға жуығы әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға қарастырылып отыр. Сондай-ақ, мыңға жуығы арендалық тұрғын үй ретінде мегополис саналатын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласындағы жұмысшы жастарға берілмек. Бұл туралы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылған комиссия отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Ал «Nur Otan» фракциясының депутатары үйдің сапасына жіті мән беруге шақырды.  

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 

«Нұрлы жер» бағдарламасының өсу динамикасы өте жоғары. Жыл өте пәтерлер санын ірі қалардан бөлек өзге облыстарда да көбейтіп келеміз. Сапасына да жіті бақылау орнаттық. Маусым не шілде айында арнайы порталды да іске қосамыз. Сол арқылы қаражаттың неге кетіп, не сатып алынып жатқанын көретін боламыз.

А. Өмірзақ