Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Биыл Астана қаласынан әскери борышын өтеуге 800 сарбаз аттанады

AstanaTV
02.11.2017ж. 20:00
3752
Биыл Астана қаласынан әскери борышын өтеуге 800 сарбаз аттанады

Биыл тек Астана қаласының өзінен 800-ге жуық сарбаз әскер қатарына аттанады. Бүгін Елорда әкімдігінде 45 ұланды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Олар Қорғаныс министрлігінің таңдаулы десанттық-шабуыл әскері қатарында борышын өтейді. 120-ға жуық үміткердің ішінен іріктелген сарбаздар әскери қызметке сақадай сай. Іс-шараға армия генералдары, құрлық әскерлерінің бас қолбасшылары және мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты.

Қазір елімізде әскери қызметке күзгі шақырылым толық көлемде жүріп жатыр. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастардың бойынан өз өзіне сенімділік байқалады. Ал, осы саланың ардагерлері жас буынның мүлтіксіз қызмет атқаратынына үміт артып отыр. Сарбаздар бүгін кешке Алматы облысындағы Сарыөзек қаласындағы әскери бөлімге аттанады.

Сағыныш Касенов, әскер қатарына аттанушы:

Аэроұтқыр шабуылдаушы команда бригадасына аттанып бара жатырмын. Және өзімнің кішкентай кездегі арманым болғандықтан орындала бастады. Өте қуаныштымын. Қорқыныш жоқ.

Марат Нығманов, «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары, генерал-майор:

Осы жастар патриот болмай, отансүйгіш сезімі болмай, мәңгілік ел болмайды. Сондықтан Қарулы күштер ардагерлері, қорғаныс департаменттердің жұмысы осы жастарды тәрбиелеп, сенімді қорғаушы болуға жұмыс жасап жатырмыз. Бабалардың әруағы қолдап, олар да солар сияқты Отан қорғаушылары боларына сенемін. Жастарға ақ жол тілеймін. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ