Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылорда облысындағы мектеп түлектерінің 97 пайызы студент атанған

AstanaTV
02.11.2017ж. 20:00
3075
Қызылорда облысындағы мектеп түлектерінің 97 пайызы студент атанған

Биыл Қызылорда облысында мектеп бітірген бес мыңнан астам түлектің 97 пайызы жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсіп, студент атанды. Бес жүзге жуығы Мәскеу мен Санкт-Петербордың мықты университеттерінде білім алып жатыр. Ал бұл тізімге енбей қалған жастардаң кәсіптік-техникалық колледждерде тегін білім алуына мүмкіндігі бар. Түрлі мамандық бойынша оқитын олар мемлекет тарапынан стипендия алады. Заманауи технологияларды меңгерген білімді жастар өздерінің тың жобаларын мемлекет қолдауының арқасында жүзеге асыруына жағдай жасалған.

Мұның барлығы "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалында өткен жиында айтылды. Елбасының "Рухани жаңғыру - жахандық бәсекеге қабілеттілік"  Жолдауының іске асу барысы сөз болған жиында өзге де маңызды мәселелер қаралды. Әсіресе жастарға білім беру мен оларды жұмыспен қамту жайына баса мән берілді. Бүгінде өз алдына кәсіп ашқысы келетін жастардың көбейгені қуантады. Мысалы, мобильді вулканизация фирмасын ашқан механик жігіттер жолда қалып қойған жүргізушілерге жедел жетіп, көмек беруге әзір.

Талғат Тілес, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының басшысы:

Бір жасымыз кеше ғана өзінің дүкенін ашып жатыр. Балалардың ойнайтын жаңа ойыншықтарын, даму ойыншықтарын шығарып жатыр. Бұл Қызылорда облысында бұрын-соңды болмаған жоба болғандықтан, осы "Даму" қоры арқылы грант алып, қазіргі таңда өзінің бизнесін бастап кетті. Интернет арқылы қабылдап тапсырыстарды, сол арқылы қазір республиканын барлық көлеміне ол продукцияны таратып жатыр.

Жорабек Нұрымбетов, облыстық мәслихат депутаты:

Дамыған мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, соның жақсылығын біздің елге әкелу үшін, үш тілді меңгеруіміз керек. Екінші мәселе, жұмыссыздықты жою мәселесі. Жоғары білімі жоқ, орта білімі жоқ жастарды қазіргі техникалық мамандықтар бойынша оқытып, оларды қазіргі үлкен бізде салынып жатқан индустриалды аймақтарға жіберіп, осыларды тәрбиелеу. Үшінші мәселе, жастарға орта және кіші бизнесті дамыту.  

Шарипа САҚТАПОВА