$523.2 €594.3 ₽6.38
×

Мұнай құны соңғы екі күн ішінде 6% өсті

AstanaTV
21.04.2016ж. 20:00
1384
Мұнай құны соңғы екі күн ішінде 6% өсті

Ал осы тұста мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы аздап тұрақтанды. Бұған АҚШ-тың қара алтын өндірісін төмендеткені әсер етті,- деп хабарлайды Bloomberg.

Еске салайық, қара алтын құны соңғы екі күн ішінде 6% өсіп, соңғы 5 айда болмаған максималды көрсеткішке жеткен. Өсім Дохадағы ОПЕК елдерінің сәтсіз келіссөздерінен соң байқалды. Ал бұған сарапшылар таңқылысын жасырмайды. Бүгін Лондон биржасында Brent маркілі мұнайдың фючерсі бір баррелі үшін 45,79 АҚШ валютасына теңескен. WTI мұнайы Нью-йорк сауда биржаларында 44,15 долларға саудаланып жатыр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА