Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ким Чен Ын В. Путинмен кездесуге келді

AstanaTV
24.04.2019ж. 20:00
2889
Ким Чен Ын В. Путинмен кездесуге келді

Солтүстік корейлік көшбасшы Ким Чен Ынды Владивостокта сән-салтанатпен қарсы алды. Мәртебелі мейманға түкті кілем төселіп, әскери оркестр әйгілі «Катюшамен» қос екі елдің әнұранын орындады. Солтүстік Корея басшысы іс-сапармен бүгін таңертең, әдеттегідей брондалған пойызбен келді,- деп хабарлайды «Рейтерс». Атап өтейік, 2011 жылы билік тізгінін алған Ким Чен Ын ресейге тұңғыш рет іс -сапармен келіп отыр. Қос мемлекет басшысы алдымен екеуара кездеседі. Кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді деп күтілуде. Саммит 25 сәуірде орыс аралында өтеді. Тараптар Корей түбегінің ядролық проблемасын реттеуді және екіжақты қатынастарды талқылайды. Приморье астанасына Солтүстік Корея көшбасшысының әпкесі Ким Е Чжон де келіп үлгерген. Бүгін таңертең Владивосток әуежайына Пхеньянның қос ұшағы қонды. Оңтүстік корея БАҚ өкілдерінің мәліметінше, әуе кемесімен Ким Чен Ынның қауіпсіздік қызметкерлері жеткен көрінеді. 

З. Санай