Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

2-3 пайыздық ипотекамен баспана беру келесі айдан басталады

AstanaTV
24.04.2019ж. 20:00
3456
2-3 пайыздық ипотекамен баспана беру келесі айдан басталады

2-3 пайыздық ипотекамен баспана беру келесі айдан басталады. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында айтылды. Қазіргі таңда мәселенің қаржылық негіздемесі жасалған. Төмендетілген пайызбен берілетін баспана «Тұрғын үй құрылыс жинақтары» жүйесі арқылы жүзеге асады. Несие үш категория бойынша беріледі. Олар көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар. Мәжілісмендер бүгін мақұлдаған «тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша» заң жобасында алғаш рет «көпбалалы отбасы» ұғымы еніп отыр.  

Шавхат ӨТЕМІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  

«Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларымен наградталған немесе «Батыр ана», сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» атағын алған көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылар санаты үшін тұрғын үй алуға жеке кезектілік енгізу. Қазіргі уақытта кезектетұрған көпбалалы отбасылардың саны 31 мың 725.  

Ал ауылдық жерде тұратын көпбалалы отбасыларға арналып шағын 2-3 қабатты үйлер тұрғызылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуы бойынша мұндай тұрғын үйлердің құрылысына 5 ай кетеді. 2025 жылға дейін жыл сайын бюджеттен 50 млрд теңге бөлінеді. Осылайша, бір жылда ел бойынша 6 мың көп балалы отбасыны баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отыр.  

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:  

Біз әкімдерге құқық беріп отырмыз салуға да сатып алуға да. Мысалы, көпбалалы жанұя айтса қазір қолма-қол керек көршілеріміз сатып жатыр десе, мына бағдарлама бойынша бөлінген соған келіссе. Онда сатып алады да береді. Ал, сатып алатын үй жоқ болса онда үй салу керек.   

Н. Біләл