Үкіметтік
емес ұйымдар сыйақыға ие болды. Бұл қаражат оларға түрлі деңгейдегі әлеуметтік
мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін берілді. Мемлекет қолдауынан үміттілер
саны 200-ден асады. Арнайы жұмыс тобының іріктеуінен өткен 59 қоғамдық ұйым
жүлдегер атанды. Оларға 15 номинация бойынша сыйақы берілді. Қаржылай қолдау
көлемі 4,5 млн теңге.
Астанада
сыйақыларды салтанатты табыстау рәсімі өтті. Оған Мемлекеттік хатшы Гүлшара
Әбдіқалықова қатысып, бұл шараның маңызына тоқталды. "Рухани жаңғыру"
бағдарламасы аясындағы тұңғыш шараны өткізуге Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігі ұйытқы болған. Қаржылай қолдауға лайық деп танылғандар түрлі
бағытты қамтиды. Әлеуметтік әлжуаз топтарға көмек қолын созып, жастар мен балалардың бастамаларын қолдап
жүрген, азаматтардың заңды құқығын қорғап, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті
насихаттаған ұйымдар да бар.
Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Бүгінгі іс-шара алғаш өтіп отыр, әрі қарай да жалғасын табады деп сенеміз, барлықтарыңызға табыс тілеймін! "Рухани жаңғыруды" жүзеге асыруда сіздірдің қосар үлестеріңіз орасан.
Есен Елеукен, Қазақстан КТК одағы республикалық жастар ҚБ төрағасы, сыйақы иегері:
Шынымен, жақсы жұмыс істеп жатқан жастарға - бұл үлкен көмек, қолдау ары қарай жалғасын тапса деймін, бір жақсы бастама деп есепмейтін өзім.