$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістанда құрылыс аумағынан адам сүйектері көптеп шығып жатыр

AstanaTV
25.04.2019ж. 20:00
4316
Түркістанда құрылыс аумағынан адам сүйектері көптеп шығып жатыр

Түркістанда құрылыс жүріп жатқан аумақтан адам сүйектері табылып жатыр. Ахмет Яссауи кесенесінің төңірегіндегі бұл аумаққа бас жоспарға сәйкес шығыс моншасы салынбақшы.  

- Түркістан қаласы. Мына жақта ремонт болып жатыр. Адамның бас сүйектері шығып жатыр.Құдай сақтасын.

Мына видеода адам қаңқасының өзге бөлшектерінің де шашылып қалғанын көруге болады. Тіпті, қабырға сүйектеріне дейін ырсиып ашық қалған. Мұның бәрі екі метрдей тереңдікте қазылған жерден шығыпты. Айта кетейік, мемлекет қажеттілігі үшін алынған бұл аумақта бұған дейін жеке тұрғын үйлер болған. Біздің тілшілерімізге телефон арқылы сұқбат берген археолог, «Әзірет-Сұлтан» қорық музейі директорының орынбасары бұл жерде шамамен 16-18 ғасырларға тиесілі қорым болған деген болжам айтты. Бақытжан Нұрханов тек тұрғын үйлердің астында жатқандықтан археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілмегенін қосты. Оның үстіне ол аумақ өздеріне қарамайды. Мұражайдан тысқары жерде жатыр деп қосты. Соған қарамастан облыс әкімдігіне құрылыс басталған кезде археологтар қатыссын деп жазған ұсыныс ескерілмеген көрінеді.  

Бақытжан НҰРХАНОВ, АРХЕОЛОГ, «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҚ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жұмыстар басталған кезде жұмыстардың барлығы археологтардың бақылауымен жүргізілуі тиіс» деп жазғанбыз. Өкінішке орай құрылыс басталған кезде ешқандай археологтарға олар тапсырыс бермеген. Археологтар объектіде болмаған. Сондықтан осындай оқиға болып тұр.Біз қазір бұл шығып жатқан артифактілерді археологиялық артифакті ғой бәрі череп болса да, біз ол артифактілер туралы ешнәрсе айта алмаймыз. Өйткені бізде ешқандай ақпарат жоқ.

А. Төребекқызы