Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Нұр-Сұлтанда Чернобыль апатынан мерт болған жерлестерімізді еске алды

Нұр-Сұлтанда Чернобыль апатынан мерт болған жерлестерімізді еске алды

Биыл Чернобыль Атом электр станциясындағы жарылысқа 33 жыл. Бүгін астанада радиация зардабынан мерт болған жерлестерімізді еске алып, рухына тағзым етті. Апатты жоюға 1986 жылы 30 мыңнан аса қазақстандық қатысқан. Олар 2008 жылдан бері ақшалай төлем алып келеді. Ал елордада 530 ардагерге әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

Қуандық ОМАРБАЕВ, «ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ТӨРАҒАСЫ: 

Қазір Чернобыль апатына қатысқан азаматтарға 9 АЕК мөлшерінде төленеді. Коммуналдық қызметке 6 мың теңге береді. Жыл сайын госпитальдің күндізгі бөліміне 1 рет жатқызады. Барлығы тегін. Әрі 14 күндік шипажайға ем алып қайтуға жібереді.

А. Бектас