Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Президенттікке үміткер А. Таспихов Орталық сайлау комиссиясында емтихан тапсырды

AstanaTV
26.04.2019ж. 20:00
3849
Президенттікке үміткер А. Таспихов Орталық сайлау комиссиясында емтихан тапсырды

Ал президенттікке үміткер Амангелді Таспихов Орталық сайлау комиссиясында емтихан тапсырды. Комиссия мүшелері ол мемлекететтік тілді еркін меңгерген деген шешім шығарды. Кандидат «Менің елім» тақырыбына шығарма жазды. Бірнеше пунктуациялық қате жіберілген. Дегенмен өте сауатты жазылды, тақырып мазмұны ашылды деп баға берді комиссия. Екінші кезең бойынша Таспихов Қадір Мырза Әлінің таңдамалы шығармаларынан үзінділер оқыған. Сосын «Тіл тағдыры - ел тағдыры» тақырыбында баяндама жасады. Еске салайық, Амангелді Таспихов кандидат болып Қазақстан кәсіподақтар федерация атынан ұсынылды. Ол әр жылдары ірі компанияларды басқарды. Сенат, мәжіліс депутаты да болды. 

Әділ АХМЕТОВ, ОСК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ: 

Таспихов мырза мемлекеттік ұлттық техникалық институтты бітірген инженер болса да тілі өте жатық. Барлық тапсырмалар бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген біздер шешім шығардық.

«Ақ жол» партиясының атынан президенттікке үміткер Дания Еспаева да емтиханнан сүрінбей өтті. «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында шығарма жазған. Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» кітабынан екі өлең оқыды. Ал соңында «Қоғам және демократия» тақырыбында 15 минут сөз сөйледі.  

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, ҚР ОСК ЖАНЫНДАҒЫ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ: 

Комиссияның қорытындысы бойынша бәріміз шешім қабылдадық: үміткер Еспаева Дания Мәдиқызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытындыға келдік.

Естеріңізге салайық, кезектен тыс президент сайлауы маусымның тоғызы өтеді. Ал оған үміткерлерді ұсыну сәуірдің 28-не дейін жалғасады. 

Д. Қайыртай