Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Бизнес ғалымдар идеясына қызыға бастады

Бизнес ғалымдар идеясына қызыға бастады

Бизнес ғалымдар идеясына қызыға бастады. Бүгінде гранттардың 15 пайызын кәсіпкерлер бөліп отыр. Ол - екі миллиард теңге. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы комиссиясының отырысында «Ғылым қоры» төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин мәлімдеді. Айтуынша, жыл басынан бері сатылған 30 ғылыми жоба өнімінің құны бір миллиард теңгеге жуықтайды. Бүгінге дейін мемлекет ғылымды коммерциаландыру мақсатында 18 миллиард теңге грант бөлген. Ал бизнес өкілдері ақпараттық технология, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндіру салаларындағы тың идеяларға қаржы беруге дайын.  

Әнуарбек СҰЛТАНҒАЗИН, «ҒЫЛЫМ ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

16 жылдан бастап «Ғылым қоры» оператор болып тағайындалды. Үш конкурс өткіздік. Бізге 150-ден астам жоба кіріп, соны қаржыландырып жатырмыз. Сол жобалардың ішінен бүгінгі таңда 6 жоба аяқталып, өнім беріп жатыр.  

А. Сейфулла