Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Nur Otan» партиясы президент сайлауына Қ.Тоқаевты ұсынды

AstanaTV
27.04.2019ж. 20:00
3844
«Nur Otan» партиясы президент сайлауына Қ.Тоқаевты ұсынды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter-гі парақшасында былай деп жазды:  

Үкіметке және Әкімшілікке, облыс әкімдері мен орталыққа қарайтын қалалардың әкімдерімен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж адамдарға уақтылы жеткізу жұмыстарын ретке келтіруді тапсырдым. Қағазбастылыққа жол берілмесін. Кінәлілер жауапқа тартылады.

Атаулы әлеуметтік көмек берудің бюрократиялық шырғалаңмен өтіп жатқаны, әділетсіз есептелетіні туралы хабарлар шыққанына біраз болды. «Оған да шүкір» дескен 21 мың теңге. Мысалы, соңғы аптада Нұр-Сұлтан қаласында 28 шаршы метрлік бөлмеде тұратын, 4 баласы бар жалғызбасты ана Алмагүл Құмашеваның Мәжіліс депутаттары және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерімен кездесуде айтқандары әлеуметтік желілерде тараған...

Сонымен «Nur Otan» партиясы атынан кезектен тыс президенттік сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаев түседі. Партияның кезектен тыс ХІХ съезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 19-наурызда жариялаған шешіміне 3 жыл дайындалғанын айтты. Абай Сейфулланың материалы.

 Миллиондай мүшесі бар «Nur Otan» партиясының бірлігі бекем күш екені әсіресе, съездер кезінде айқын байқалады. Тәуелсіздік сарайына соңғы үш айда делегаттар екінші рет жиналды. Бір ғана мәселе қарады. Кезектен тыс Президент сайлауына бірауыздан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі Президенттің ел ішінде ғана емес, халықаралық саясат сахнасындағы беделін алға тартты.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі БҰҰ деңгейінде жоғары бағаланғанын білесіздер. Осы жаһандық құрылымда ол Бас Хатшының орынбасары ретінде қызмет етті. Дипломатиялық жетістіктермен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинады. Ол ел дамуының ең күрделі кезеңінде Қазақстан Үкіметін басқарды. Естеріңізде болса, 1998 жылғы Азиядағы қаржы дағдарысынан кейін экономиканы қалпына келтіруге атсалысты. Тоқаевтың қатысуымен 90-жылдардың аяғы 2000-жылдардың басында бірқатар маңызды реформа жүргізіліп ел экономикасын өркендетуге жол ашылды.

30 жыл аз уақыт емес. Назарбаевқа көз де, көңіл де үйренген. Қызметтен кететінін мәлімдегенде бір тамшы жасқа ерік бергендер аз болмады. Әсіресе егде кісілер. Ал осы съезд соңында ұстамды саясаткердің өзі босап кетті. Бүгінге дейін халық үшін бір іс тындырғам болсам, онда мен бақыттымын деді. Биліктен кетуге үш жыл дайындалғанын айтып, сырын ашты. Босаған көңілін әзілмен бүркеді, бәлкім. 

-Спасибо всем, высказанным добрым словам в мой адрес. Мы же избираем нового Президента, так получилось что как будто я снова избираюсь...  

Назарбаевқа тіпті өз кандидатурасын қайта ұсынса деген мазмұндағы хаттар да келіпті. Мұндай өтініштерге «Билікке жаңа буын келетін уақыт болды, заман талабы солай» деген жауаппен нүкте қойды. Жаңа буын дегені - көңілі басылмаған жастар емес, шамасы. Жалпы, билік транзитін тыныш аяқтап, елді көңілдегі күпті ойлардан арылтып, алға жылжу үшін шахмат тақтасында жүрістер тез орындалып жатыр. Ал жетекші партияның бұл қадамы қаншалықты ұтымды болды?  

Айдос САРЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:  

Бұл съездің шешімі қисынды, логикалы шешім деп ойлаймын. Себебі шынымен де осы кезге дейінгі билік партиясының жұмысы, қабылданған шешімдері, қоғамға жасалған месседждері мен сигналдары осы кандидаттың айналасында жүргені анық болды. Сондықтан бұл партия шешімі қисынға жатады.

Елімізде билік партиясынан басқалары сайлау кезінде ғана бас көтеретіні жасырын емес. Бірақ солай екен деп науқанға жеңіл қарауға, бір сәт те босаңсуға болмайды дегенді де айтқан төраға. Сайлаудан кейін менің алдымда жүздерің жарқын болсын деген.Бұл – басқа партиялардың да байсалды дайындалу керектігіне сигнал сияқты. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Более полтора месяца – это очень большая работа. Не надо так считать что эти выборы просто так проходят. Ни в коем случае ни к чем нельзя давать слабеньку. Аппарат Президента и Правительство , нуротановцы – все должны считать себя мобилизованными. Чтобы мы 10-го июня встретились открытыми лицами, с радостью.

Партия съезінің ғана емес, Тұңғыш Президенттің таңдауы ғой деп жеңе салу оңай емес екенін Елбасының өзі меңзеді. Сайлауға қатысуға ниет білдірушілер жетіге жетті. Қоғамның белсенділігі артқан. Не болғанда да, әр түрлі, тіпті біртүрлі айтылып жатса да бұл сайлаудың орны бөлек.  

Айдос САРЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:  

Біріншіден, биліктің, қоғамның бір екендігін қоғамға паш ету. Екіншіден сайлауға түскен кезде шынымен де қоғамға қызықты, қоғамды қызықтыратын, үдесінен, көңілінен шығатын бағдарлама мен идея ұсыну. Үшінші - әділ сайлауды өткізу арқылы тек билікті, билеуші элитаны ғана емес, жалпы қоғамды біріктіру.

Ырыс баққан дау бақпас. Даудан алыс боламыз деп ұранға үн қоса беретін депутаттар да дүбірі қызған бәйгені көптен көрмеді. Бұл жолы өзге кандидаттар дұрыс қамданбаса тағы да қызық болмай қалатынын олар да біледі.  

Бірғаным ӘЙТІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Самое главное, чтобы было предметно. Не "Ура, ура!"...

ХІХ съезде Елбасыға алғысын мінберден жеткізгендер әдеттегідей аз болмады. Шамамен былай: 

  -Сіздің тікелей қолдауыңызбен, 

-былтыр бұрын соңды болмаған мұнай және газ конденсаты өндірілді.

-Аса мәртебелі Елбасы! Сіз жүздеген ұлттың басын біріктіріп, Қазақстан мемлекетінің құрылысшыларының қатарын көбейттіңіз.  

-Ұлттың ұстазына айналдыңыз.

-Вы дали больше, если не все своему народу.

-Ынтымақты ел үшін, атамекен жер үшін Алға «Nur Otan», алға Қазақстан!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Какие ораторы они все, на 100 процентов...  

Съезді «Елім менің» әні жапты... 

 «Елім менің». Орындайтын: Қазақстанның эстрада жұлдыздары.

Абай Сейфулла «Біздің уақыт»