Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Украинада бәрі басқаша болады. Президент сайлауында актер жеңіске жетті

AstanaTV
27.04.2019ж. 20:00
3884
Украинада бәрі басқаша болады. Президент сайлауында актер жеңіске жетті

Украинадағы президент сайлауының екінші турында актер В.Зеленский қазіргі президент П.Порошенкодан 3 есеге жуық көп дауыс жинағаны мәлім. Бюллетендердің тоқсан проценті есептелгенде актерда 73,17 процент, президентте 24,5 процент шыққан. Би Би Си порталы Порошенконың неге жеңілгенінің 5 себебін жазыпты. Мысалы, сайлауалды науқанның алдында оның жақын серіктерінің бірі, бизнес серігі де болған, сол кезде Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметін атқарған Олег Гладковскийді қорғаныс саласында коррупциялық әрекеттерге барды деген журналистік зерттеу шықты. Порошенко командасының реакциясы күдікті одан сайын ұлғайтты. Алдымен Гладковскийді ақтады, сосын қауіпсіздік кеңесінен шығарып жіберді. Бірақ бұл президенттің «кім Армиядан ұрлайды, соның қолын кесем» деген уәдесінен алыс еді. Яғни «жемқорлықпен аянбай күресемін» дегені жұмсартып айтқанда, өтірік болып көрінді. Дегенмен Украина халқының басты наразылығы – кедейлік. Халықаралық валюта қоры былтыр күзде жариялаған есепте Украина Молдавиядан Еуропадағы ең кедей ел «атағын» алып қойыпты... Дегенмен Украинада енді бәрі басқаша болады. Соған алғышарттар жасалды.       

Нұркен АЙТЫМБЕТОВ, ҚР БҒМ ҒК ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Украинадағы бастама, әділ сайлауды өткізудің, демократиялық, дамыған елдердің қатарына қосылуға деген алғашқы қадамдарын көруге болады. Украина түбегейлі батысқа бет бұрды деп айтсақ болады. Украина халқын серпілтіп, бір рух алып келді деп бағалауымызға болады.