Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды облысында аңшылардан құтқарылған бөлтіріктер хайуанаттар бағына жіберілуі мүмкін

AstanaTV
30.04.2019ж. 20:00
3717
Қарағанды облысында аңшылардан құтқарылған бөлтіріктер хайуанаттар бағына жіберілуі мүмкін

Қарағандыда бөлтіріктер тағдыры шешіліп жатыр. Ақтоғай ауданында аңшылардан құтқарылған 5 бірдей бөлтірік хайуанаттар бағына жіберілуі мүмкін. Өйткені, енесі әдетте адам иісі сіңген күшіктерін қабылдамайтын көрінеді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары осылай деп отыр. Дегенмен, олар туған бөлтіріктер ширай салысымен енесінің ініне апарып көрмек.  

-Еу, міне Қызыларай 24 апрель. 

Өткен аптада Қызыларай ауылының тұрғыны көздерін ашып үлгермеген бөлтіріктерді табиғи қорық саналатын Ақсораң тауындағы індерінен алып кеткен. Заң бұзушының ғаламторға мақтана жариялаған бейнетүсірілімінде адамдардан қорқып үңгірге жақындай алмай тұрған енесі де түсіп қалыпты. Алайда аңшы еш қорықпастан қасқырдың күшіктерін үйінде ұстаған. Әлеуметтік желінің арқасында табиғат қорғаушылары тұрғынды оңай тапты. Ал заң бұзушыға 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 25 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Елімізде жабайы жануарларды аулауға тыйым салынады. Бөлтіріктер уақытша шаруа қожалығында болады.  

А. Қуаш