Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

2 пайыздық ипотека мамырда беріле бастайды

AstanaTV
30.04.2019ж. 20:00
3929
2 пайыздық ипотека мамырда беріле бастайды

Көп балалы отбасылар екі пайызбен берілетін ипотеканы мамыр айында ала алады. Бұл туралы «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова «Nur Otan» партиясының жанындағы Бес әлеуметтік бастаманың іске асырылуын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында айтты. Аталған бағдарлама бойынша қалалар мен ауыл-аймақтардан пәтер де, жер үй де сатып алуға болады. Айта кету керек, жеңілдетілген несиені көмекке мұқтаж және көп балалы отбасылар мен мүгедек балалардың ата-аналары мен асыраушылары ала алады. Бастысы-отбасы мүшелерінің айлық кірісі 42 мың теңгеден аспауы шарт. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары осы жылдың соңына дейін 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды деп сендірді.  

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Елбасының тапсырмасы бойынша, есіңізде ғой, «Nur Otan» партиясының съезінде көп балалы отбасыларға байланысты жұмыстар атқарылып жатыр. Дайындық жақсы өткен сияқты. 50 млрд теңге бөлдік тікелей осы үйлерді салуға және сатып алуға. Сол себептен осы мамыр айында осы жұмысты бастап кетеміз бе деп отырмыз.

Д. Қайыртай