$522.49 €547.88 ₽5.06
×

«Fly Arystan» отандық әуе лоукостері алғашқы рейсін орындады

AstanaTV
02.05.2019ж. 20:00
2956
«Fly Arystan» отандық әуе лоукостері алғашқы рейсін орындады

«Fly Arystan» отандық әуе лоукостері алғашқы рейсін орындады. .Кеше Алматыдан Елордаға жолаушылар тиеген «Эйрбас А320» ұшағы сәтті қонды. Оны Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы ырымдап су фонтанымен күтіп алды. Тұсаукесер рәсіміне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов, «Эйр Астана» басшысы Питер Фостер қатысты.   

Питер ФОСТЕР, «AIR ASTANA» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Орта Азияда мұндай лоукестерді іске қосып жатқан біз, Қазақстан ғана. Әзірше ол ішкі рейстерді ғана орындаса да, халырақалық маршруттар ашатын мақсатымыз бар. Сол кезде ол Орта Азияда, Кавказ аймағында да алғашқы лоукостер болады.

Ұшақ 180 орынға лайықталған. Бизнес класы жоқ. Бортта тегін тағам ұсынылмайды. Дегенмен жолаушылар бағасы сапасы әбден лайықты дейді.  

Руслан ТАГАЕВ, ЖОЛАУШЫ: 

Тегін ас жоқ, дегенмен арзан бағада оны бортта сэндвич, шай сатып алуға болады. Сэндвич сусынмен бірге шамамен 1200-1400 теңгеге шығады. Шай, «сникерс» 300 теңгеден. Іші жайлы. Тар емес. «Эйр Астанадан» айтарлықтай айырмашылық байқамадым.

Компания билеттері тез сатылып жатыр. Бүгінге дейін 45 мың адам бронь жасаған. Әзірге рейстер Алматыдан Нұрсұлтан, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Шымкент қалаларына ғана бар.  

  А. Тіленшиев