$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мамырда 1300-ден аса көпбалалы отбасы баспаналы болады

AstanaTV
03.05.2019ж. 20:00
2979
Мамырда 1300-ден аса көпбалалы отбасы баспаналы болады

Мамыр айында елде 1300-ден аса көпбалалы отбасы баспаналы болмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты. Елордалық аналармен жүздескен министр жақында 24 отбасыға пәтер кілті берілгенін де жеткізді. Ал 1800-ге жуық жанұя атаулы әлеуметтік көмек алып үлгерген.  

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: 

Ең үлкен мәселе - пәтер мәселесі. Бұл жерде біз кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің мүмкіндігіне жүгінеміз. Осы айдан бастап пәтер беру жұмысы басталды. Оның ішінде 51-і осы Нұр-Сұлтан қаласында. Енді ол жұмыспен ары қарай да айналысамыз.

Министрмен кездесуге мүмкіндігі шектеулі баласы бар аналар да келді. 8 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған Гүлзира Оразбеков екінші топтағы мүгедек. Ал қызы ауыр дертке шалдыққан. Баланы әр төрт ай сайын 1 млн теңгеге шетелде емдетеді. Ал айына алатын жәрдемақы 60 мың теңгеден аспайды. Жарымжан ана баспана беруді сұрап келген. Енді қала әкімдігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, оның мәселесін қарастыратын болады.  

Гүлзира ОРАЗБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Біз балаларымызды 24 сағат бойы қараймыз. Біздің аналарымыз ол балаларды тастап жұмыс жасай алмайды. Біз ол балаларды жетектеп апарып, бір жерде жұмыс жасай алмаймыз. Бір жерге барып пол жуу үшін де, ыдыс жуу үшін де ол балалар ойнап жүре тұруға келмейді. Олар арбада отырады.

А. Бектас