Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Дәрі-дәрмектің өзіндік құнына 40 пайыздай ғана үстеме қосылып сатылуы тиіс - ДСМ

AstanaTV
27.10.2017ж. 20:00
2783
Дәрі-дәрмектің өзіндік құнына 40 пайыздай ғана үстеме қосылып сатылуы тиіс - ДСМ

Болашақта дәрі-дәрмектің өзіндік құнына шамамен 40 пайыздай ғана үстеме қосылып, осы бағамен дәріханаларда сатылуы тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі мәлімдеді. Бүгінде кейбір препараттардың зауыттан шыққандағы құнына қосылатын баға 500  пайыздан асып кетеді.

Дәрі бағасын реттеу мәселесі бүгін "Нұр Отан" партиясы жанындағы денсаулық бағыты бойынша арнайы комиссияның отырысында сөз болды. Партия хатшысы Фархад Қуанғановтың сөзінше, бұл мәселе аса өзекті, және халық қандай да бір оң өзгерісті күтіп отыр. Сала министрлігінің өкілдері дәрі бағасын тұрақтандыру бағытында қолдан келген шаралардың барлығын жасап жатырмыз дейді. Болашақта жанармай, азық-түлік секілді тауарлар қатарында дәрі-дәрмектің де шекті бағасын белгілеу жоспарланған. Комиссия отырысында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асу барысы талқыланды.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжатта дәрі-дәрмек бағасын реттеу жайы қарастырылған. Осы арқылы Қазақстан аумағында сатылатын дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгілеуді жоспарлап отырмыз. Дәріхана  бизнесін дөңгелеткендер бағаның бақыланбайтынын пайдаланып, әбден еркінсіп кеткен. Өндіруші зауыттардан босатылатын баға мен бөлшек саудадағы бағаны салыстыру арқылы қымбатшылықтың нақты себебін анықтауға ұмтыламыз. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА