Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстандағы бір ғана «Суперджет» ұшағы қолданыста

AstanaTV
06.05.2019ж. 20:00
4614
Қазақстандағы бір ғана «Суперджет» ұшағы қолданыста

Авиацияда адам қауіпсіздігіне қатысты барлық талаптар қатаң сақталуы керек. Ресейдегі ұшақтың апатты жағдайда қонуы мұны тағы бір дәлелдеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкіметте журналистерге берген сұқбатында осылай деді. Оның айтуынша, Суперджет ұшағы Қазақстанда жиі қатынамайды. Бір ғана бизнес санаттағы рейс бар көрінеді. Ал «СКАТ» әуекомпаниясы ұшағындағы саңылаудан болған төтенше жағдайға қатысты тексеру жүріп жатыр. Министр экипаждың шұғыл әрекетін жоғары бағалады. Дегенмен зардап шеккен ұшқыштың бірі әлі ауруханада.  

Роман СКЛЯР, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: 

Әуе кемесінің жоғарғы эшалонында разгерметизация болды. Эксипаж кәсби тұрғыда әрекет етті. Ұшақты қалыпты деңгейде қондырды. Қазіртергеу жүріпжатыр. Қорытындысын кейінірек хабарлаймыз. Екінші ұшқыш өзін нашар сезініп, есінен де танып қалған. Менің естуімше, қазіргі жағдайы қалыпты.

Өткен аптада «Минводы-Нұр-Сұлтан» бағытындағы «SCAT» әуекомпаниясының ұшағы апатты жағдайда астана әуежайына шұғыл қонды. Әуе кеме бортында 42 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған.  

Г. Меңдеева