Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Президенттікке кандидаттар қатары тағы 3 үміткермен толықты

AstanaTV
06.05.2019ж. 20:00
5615
Президенттікке кандидаттар қатары тағы 3 үміткермен толықты

Президенттікке кандидаттар қатары тағы 3 үміткермен толықты. Бүгін орталық сайлау комиссиясы саяси додаға «Ауыл» партиясы атынан түскен Төлеутай Рақымбековке, компартиялық Жамбыл Ахметбеков және «Ұлт тағдыры» қоғамдық біртелістігі атыннан ұсынылған Әміржан Қосновқа кандидат куәлігін тапсырды. Қазақстанның барлық өңірінен 7 күн ішінде 122 309 қол жинап, оның 120 754 расталған Төлеутай Рақымбеков 5-ші болып ресми тіркеліп отыр.  

Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ: 

Өзіміздің еліміздің президенттігіне үміткер ретінде тіркеп, бүгінгі күні куәлікті алғаныма өте қуаныштымын. 12309 қол, қолдаймын деген адамдар.  

Ал Жамбыл Ахметбеков Қазақстанның 16 өңірінен 138 мыңнан астам дауыс жинаса, оның 3 мыңға жуығы талапқа сай емес деп алынып тасталған.  

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ: 

Біздің сенімді өкілдеріміз үйге барғанда кейбір құжаттардың ині мен нөмерлерін шатыстырып жатқандары бар. Кейбірінің құжаттарының уақыты келгендіктен бе... Сондай бір дұрыс толтырғанда 3- пен 5 тің арсында қателік жіберіп алғандар, шатастырып алғандар 

Сондай-ақ, 131 189 қол жинаған Әміржан Қосанов бүгінге кандидаттар тізімін түйіндеді.  

Әміржан ҚОСАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ: 

Бүгінгі күен шынымен де президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің әділ сайлау өткізуіне кепілдік беремін деген сөзінің бір ыншаны деп білемін және солай қабылдаймын. 

Үміткерлер 11 мамыр, сағат 18:00-ден үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі. Ал сайлау 9-маусымда өтеді. 

Ә. Өмірзақ