Негізгі / Жаңалықтар / Киногерлер Ә. Молдағұлова туралы көркем фильмге бас кейіпкер іздейді

Киногерлер Ә. Молдағұлова туралы көркем фильмге бас кейіпкер іздейді

Қазақстандық продюсер қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова туралы көркем фильм түсіруге кіріспек. Ұлы Отан соғысының батыры жайындағы кинотуынды оның соғысқа дейінгі және майдан даласындағы өмірін қамтиды. Фильмге белгілі режиссер Рашид Сүлейменов жетекшілік етеді. Қазір туындының сценарийі толықтырылып жатыр. Қазақстандық демеушілер 1 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы жинаған. Ал, қалған сомманы Қытайдағы мәдениет және киноны дамыту қоры бөлмек. Нақты қанша қаражат жұмсалатыны белгісіз. Бірақ, фильмнің түсіріліміне көмектескісі келетін азаматтардың қолын қақпаймыз дейді, жоба авторлары. Қазір Әлияның рөлін сомдауға кастинг жарияланды. Еліміздің кез келген аймағынан үміткерлер қатыса алады. 

Рашид СҮЛЕЙМЕНОВ, «ӘЛИЯ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІНІҢ РЕЖИССЕРІ, ПРОДЮСЕРІ: 

Әрине, қомақты сомма жұмсалады. Себебі ертең батырдың рухы мен көрермен алдында ұялмайтындай туынды түсіргіміз келеді. Бұл ақша табатын коммерциялық кино емес. Жұмсалатын қаражаттың әр тиынына есеп береміз. Оның үстіне фильмге қажетті инвестицияның бір бөлігін шетелдіктер бергендіктен, жауапкершілік те жоғары болады.

Р. Асқарбекұлы