$489.36 €533.45 ₽4.99
×

АҚШ қаржы министрі Конгресске Трамптың салық декларациясын тапсырудан бас тартты

AstanaTV
08.05.2019ж. 20:00
4062
АҚШ қаржы министрі Конгресске Трамптың салық декларациясын тапсырудан бас тартты

Америка қаржы министрі Стивен Мнучин Конгресске президент Дональд Трамптың салық декларациясын тапсырудан бас тартты. Бұл хатты ол демократ, өкілдер палатасының кіріс және салық комитетінің төрағасы Ричард Нилға жіберген. Ол АҚШ Әділет министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, комитеттің бұл өтінішін қанағаттандыруға заңды негізі жоқ деп шешкен. Әдетте, барлық президент тапсыратын салық декларациясын Трамп көрсетуден бас тартқан. Конгресс осыдан кейін құжатты жариялауды талап етіп отыр. Осылайша демократтар 2020 жылғы президент сайлауы қарсаңында Трамптан салықтық заңбұзушылықтары үшін жауап алмақ. Бұл іс, тіпті, сотқа да жетуі мүмкін.  

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Маған қатысты салықтық тексерістер ұзақ жүргізіліп жатыр. Бұл процедуралар аяқталмайынша, мен салықтық декларацияны көрсетуге дайын емеспін. Ондай заң жоқ, түсінесіңдер ме? Мен әлемде активтері жоғары керемет компания құрдым. Мен жақсы жұмыс істедім. Шынымды айтсам енді сол үшін уайымдауға міндетті емеспін. Мен тек Америка үшін ғана алаңдаймын.

Г. Мендеева