Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Италияда 1 еуроға үй сатып алуға болады

Италияда 1 еуроға үй сатып алуға болады

Италияда су тегін үйлер сатылып жатыр. The Sun басылымы олардың 1 еуро тұратынын жазады. Бұл біздің валютамен небары 427 теңге. Сицилияның оңтүстігіндегі Муссомели қаласында шамамен жүздеген ескі үй сатуға қойылған. Есесіне пәтердің жаңа қожайыны жыл ішінде күрделі жөндеу жүргізуге міндетті. Оның құны шаршы метріне 95 еуроны құрайды. Тіпті жергілікті билік архитектор, инженерлерді тауып, көмек көрсетуге дайын. Келешекте тағы 400-ден аса тұрғын үй сатылуы мүмкін. Қаңтарда Самбука-ди-Сицилия да жаппай сатылым жасаған. Мұнда ондаған тарихи нысан 1 еуродан берілген еді. Осылайша билік үлкен қалаға асығатын халықты елді мекенге тартып, шаһарлар әлеуетін арттырмақ ниетте. 

А. Бектас