$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда 59 жастағы жұмысшыны құбыр басып, қаза тапты

AstanaTV
13.05.2019ж. 20:00
3245
Павлодарда 59 жастағы жұмысшыны құбыр басып, қаза тапты

Павлодарда 59 жастағы жұмысшы құбыр астында қалып, қаза тапты. Оқыс оқиға Қазақстан Алюминий зауытының аумағында болған. Алдын-ала мәлімет бойынша марқұм құбырларды монтаждау кезінде астында қалып қойған. Ауруханаға жеткізілгенімен дәрігелерлер оның өмірін құтқарып қала алмады. Еңбек басқармасы арнайы тексеру жұмыстарын бастап кетті. Белгілі болғандай, қаза тапқан азамат «Ай-су мелорация» жауапгершілігі шектеулі серіктестігінде қызмет еткен. Мердігер қалдықтарды шығаратын құбырлар салумен айналысыпты. Серіктестік марқұмды жерлеу рәсіміне кететін барлық шығынды өз мойнына алып отыр. Жұмысшының отбасына 100 АЕК көлемінде көмек көрсетілген. Марқұмның соңында әйелі мен кәмелетке толған 2 баласы қалған.  

Абылай САБЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары аяқталған соң, арнайы жұмыстарын біз полицияға жібереміз. Ол өздерінің шешімдерін қабылдайды. 

Жыл басынан бері Павлодар облысының өндіріс ошақтарында 38 жазатайым оқиға болған. 35 адам жарақат алса, 3 адам қаза тапқан. 

Ө. Қуанар