Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Атырау қаласы маңындағы ауылдарда ауыз су тапшы

AstanaTV
13.05.2019ж. 20:00
4119
Атырау қаласы маңындағы ауылдарда ауыз су тапшы

Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылы күн жылынғалы ауыз судан таршылық көріп отыр. Ауыл тұрғындары тіршілік көзі жиі тоқтап қалатынына ашулы. Олар ауылдың дәл түбіндегі «Жайық» өзенінен тасуға мәжбүр екендерін айтты. 

Еркінқалалықтар соңғы күндері ауыз суды еркін пайдалануды қысқартқан. Тіршілік көзін күн сайын бірнеше сағатқа тоқтатып тастауы тұрғындардың ашуын туғызды. Халықтың көпшілігі таза суды сатып алуға көшкен. Ал, енді бірі «Жайық» өзенінін тасып отыр.   

Сүгірбай ҚАЛИЕВ, ТҰРҒЫН: 

Айтып ескерту керек қой енді. Мынадай уақытта болмайды,- десе әзірленеді ғой адамдар. Біз енді су жетпейтін болар, бөліп-бөліп беріп тұрған болар деп ойлап отырмыз. Мына жақ ауыл үлкен ғой. Егін суару керек қазір.

Алтын ШАЖИМОВА, ТҰРҒЫН: 

Су жоқ, тоқтап қалады жиі-жиі. Егін егеміз шамалы. Бақшамыз болмағанымен жеміс ағаштарымыз бар. Бала -шаға, кір жуылу керек. Жайық қасымызда тұр. Бөшкелеп су алып келеді.Тұндырамыз соны.

Ауыл әкімі су тапшылығына екі мәселе себеп деп отыр.  

Аманкелді НАРМАҒАМБЕТ, ЕРКІНҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мәселе - халықтың саны көбейіп, тұрғын үй саны көбейіп. Сонымен қатар жеке тұрғын үй секторында қазір жаз мезгілдерінде жасыл -желектерін, бау-бақшаларын суаруға байланысты. Осы мәселеге байланысты көшпелі комиссия болды. Уақытша су құбырын тарту мәселесі қазіргі таңда қарастырып жатыр. Мерзімін айта алмаймын сізге. Оны ұйымдастыру жұмыстарына байланысты.

Ауылға су мына станциядан келеді. Мұнда тәулігіне мың текше метр су жиналады. «Атырау су арнасы» мекемесі өкілдері ауылда жазғы су құбырын жүргізбесе, проблема шешілмейтінін жеткізді. Бұл туралы әкімдікке ұсыныс та тастаған.  

Нәзира БОРБАЕВА, «АТЫРАУ СУ АРНАСЫ» КМК ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМНІҢ БАСШЫСЫ: 

«Жұмыскер» поселкесіндегі су қысымын көтеру станциясына тағы қосымша насос қояйын деп жатырмыз. Қуаттылы жоғары насос қойып, сонымен пока шешіп қараймыз. Сосын әкімшілікке хат жолданды желі тартуға. Қаладан тағы су желісін тартуға. Өйткені бұрын Еркінқаланың өзі тәулігіне мың шаршы метр су алып отырса, қазір «Еркінқала-2» қосқасын 2210 текше метр алып отыр тәулігіне. 

Бірақ, бұл шаралардың қашан іске қосылып, нәтиже берері әзір белгісіз. Сондықтан тұрғындарға құбырдан келген бойда суды жинап алудан басқа амалы жоқ.  

Б. Нәдірқызы