Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ Президенті Д. Трамп Қытайдан келетін тауарларға салықты көбейтуге тапсырма берді

AstanaTV
13.05.2019ж. 20:00
2855
АҚШ Президенті Д. Трамп Қытайдан келетін тауарларға салықты көбейтуге тапсырма берді

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға салықты көбейтуге тапсырма берді. Бұл туралы Рейтерс Американың сауда өкілі Роберт Лайтхайзер мәлімдегенін жазды. Осылайша екі ел арасындағы төрт ай бойы жүргізілген келіссөздерден түк шықпады. Уол Стрит Жоурнал-ға сенсек, Трамп берген кейінгі шегеру уақыты да аяқталды. Енді Қытайдан импортталатын тауарларға 10 емес, 25 пайыз салық салынады. Ақ үй қожайыны сауда жөніндегі қол қойылуға дайын тұрған келісімнің бұзылуына Қытайдың өзі кінәлі деп отыр. Өзгерістерге байланысты АҚШ Қытай заттарына жылына 250 млрд доллар салық салады. Оған жауап ретінде азиялық алыптың әзірге жыл сайын АҚШ саудагерлеріне салатын салығы - 110 млрд доллар. Ол АҚШ-тан келетін импорттың тоқсан бір пайызы. 

Чжан ЯНЬШЕН, ҚЫТАЙДЫҢ ДАМУ ЖӘНЕ РЕФОРМА БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ БАС ТӨРАҒАСЫ: 

Біздің үкіметіміз шешім қабылдағанда өзімізді ойлауы керек. Қытайлық экспорттық кәсіпорындарға осы қиын шақта көмектесуі тиіс. Осынау сауда қысымы жағдайында модернизация керек.

А. Сейфулла