Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ-та президенттікке үміткерлер тым кәрі

AstanaTV
13.05.2019ж. 20:00
2663
АҚШ-та президенттікке үміткерлер тым кәрі

Президенттікке үміткерлер тым кәрі. АҚШ-та 2020 жылы өтетін сайлауға түспекші болған кандидаттарды Пентагонның бұрынғы бастығы Роберт Гейтс осылай деді. CBS арнасының журналистерімен сұхбаттасқан ол ұсынылып отырған кандидаттар жастары келгендіктен мемлекетті басқара алмайды деген. Әсіресе, бұрынғы вице-президент Джо Байден, сенатор Берни Сандерс пен қазіргі президент Дональд Трамптың зияткерлік қабілеттері туралы ой білдіріп, олардың жоғары лауазымға жігері жетпейтінін айтты. Аталған үшеуінің де жасы 70-тен асқан. Ақпарат құралының мәліметіне сенсек, келер жылы өтетін президент сайлауына 37 мен 77 жас аралығындағы 20 шақты саясаткер қатысуы мүмкін. Ал өңірлерде жүргізілген сауалнамалар бойынша Байден мен Сандерс рейтингте көш бастап тұр.  

Д. Қайыртай