Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

АҚШ Иранға 120 мың жауынгер жіберуі мүмкін

AstanaTV
14.05.2019ж. 20:00
2909
АҚШ Иранға 120 мың жауынгер жіберуі мүмкін

АҚШ Иранға 120 мың жауынгер жіберуі мүмкін. Бұл туралы «The New York Times» хабарлады. Контингент егер Иран әскері америкалықтарға шабуылдаса немесе Тегеран ядролық қару өндірісін жылдамтататын болса жіберілмек. Дегенмен бұл Иран аумағына бас салып кіруді білдірмейді. Басылым бұл жоспарды президент Дональд Трамптың хабардар екеніне кумәнмен қарайды. Бірақ Ақ үй басшысы Тегеран ойланбай қадам жасаса оның зардабы ауыр болатынын мәлімдеді. Өткен аптада Иран 4 жыл бұрынғы келісімді ішінара сақтамайтынын ескертті. Бұл АҚШ-тың келісімнен біржақты шығып, сауда санкция енгізуіне қайтарған жзауабы. Бұған дейін Франция, Германия мен Ұлыбритания Вашингтонмен келіспей, Тегеранмен есептесу үшін шектеуді айналып өтетін қаржылық әдіс табатындарын айтқан еді. Бүгін Еуоодақ өкілдері Брюссельге шұғыл жеткен АҚШ мемлекеттік хатшысына Иранмен арадағы шиеленісті қоя тұруға кеңес берді.  

Федерика МОГЕРИНИ, ЕУРООДАҚ ДЕПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  

Помпео біздің, менің және басқа да министрлердің аса нәзік сәтте өмір сүріп жатқанымыз туралы айтқанымызды ұқты. Қазір мейлінше ұстамдылық керек. әрі ешқандай күшеюге соның ішінде әскери істерге жол бермеу керек.

Г. Меңдеева