Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Биткоин бағасы 8000 доллардан асты

AstanaTV
14.05.2019ж. 20:00
2268
Биткоин бағасы 8000 доллардан асты

Ең танымал криптовалюта құны былтырдан бері алғаш рет 8000 доллардан асты. Қазір биткоин бағасы күн санап қымбаттап барады. «CoinMarketCap» порталы 20-дан аса нарықтағы орташа бағаны есептей келе, криптовалюта бағасының 13,62 %-ға өскенін жазады. Бір апта ішінде баға үш рет көтерілген. 7 мамырда 6000 долларға, 12 мамырда 7000 долларға жетті. Инвесторлардың электронды ақшаға қызығушылығын АҚШ-Қытай сауда соғысының қарқыны арттырып отыр. Қытайлық компаниялар биткоин арқылы Американың тарифтік шектеуін айналып өтпек. Дегенмен сарапшылар криптовалютаға ақша салмауға кеңес береді. Өйткені оған қатысты ешкім болжам жасай алмайды. 

А. Бектас