Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Коммунистер машина жасау зауытының жұмысшыларымен кездесті

AstanaTV
14.05.2019ж. 20:00
2056
Коммунистер машина жасау зауытының жұмысшыларымен кездесті

Коммунистік партияның Ақмола облыстық комитетінің белсенділері Степногорск қаласындағы машина жасау зауытына барды. Олар еңбек ұжымына президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. 70-ке жуық маман жұмыс істейтін «Целингормаш» зауыты - коммунистер үгіт-насихат жұмыстарымен аралаған алғашқы кәсіпорын. Жұмысшылар жалақыны көтеру, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету сынды мәселелерді қаузады.

Бейсенбай МӘЖИТОВ, ҚКХП АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ: 

Зауыт жұмысшыларымен бірге біраз жұмыс, іс, өндіріс мәселелерін көтеріп, осы мәселелерді қалай шешу керек екенін біздің партияның кандидаты Мәжілісте, Парламентте қандай мәселелерді көтеру керек. Осы мәселердің барлығын осы жұмысшылармен көтеріп, өзіміздің көзқарасымызды дәлелдеп. Өте қызық және керек диалог болды деп ойлаймын

Д. Қайыртай