Негізгі / Жаңалықтар / Президенттіке үміткер Т. Рақымбековтың штабы фотокөрме өткізді

Президенттіке үміткер Т. Рақымбековтың штабы фотокөрме өткізді

Ауыл нақыштары. Президенттіке үміткер Төлеутай Рақымбековтың штабы дәл осындай атаумен арнайы фотокөрме өткізді. Елорда төріне шалғайдағы елдімекен тұрмысынан сыр шертетін суреттер қойылды. «Ауыл» партиясы жариялаған байқауға 300-ден аса фотосурет келіп түскен. Араларынан ең үздік деп танылғандары енді көпшілік назарына ұсынылып отыр. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды тұғырнамасы осындай ауылдардағы тұрмысты жақсартып, әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұған қоса, шалғай жатқан елдімекендердегі рухани құндылықтарды сақтау, ұлттық дәстүрді дәріптеу және жастармен жүйелі жұмыс істеу сияқты мәселелерді де қамтиды. 

Қуаныш СЕЙТЖАНОВ, «АУЫЛ» ХДПП ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Бұл фотосуреттерде бәрі бар. Ауылдағы тірлік. Балалардың өмірі. Үлкендер мен жастардың арасындағы қарым-қатынас. Кейбір әлеуметтік мәселелер.  Әрине, осы фотосуреттердің негізгі жиынында, негізгі мазмұнында біздің кандидатымыздың бағдарламалық мақсаттырымен үлкен сәйкестік, үлкен үйлесім бар.  

Н. Біләл