$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тәжікстанда қатаң тәртіптегі колониядағы сотталушылар бүлік шығарып, 32 адам қаза тапты

AstanaTV
20.05.2019ж. 20:00
2758
Тәжікстанда қатаң тәртіптегі колониядағы сотталушылар бүлік шығарып, 32 адам қаза тапты

Тәжікстан түрмесінде қанды қырғын. Қатаң тәртіптегі колониядағы сотталушылар бүлік шығарып, 32 адам қаза тапты. Ақпаратты «РИА Новости» агенттігіне Тәжікстан Әділет министрі растаған. Олардың мәліметіне сүйенсек, сегіз адамды сотталушылардың өздері өлтірген. Опат болғандардың ішінде 3 күзетші бар. Лаңды бастаған түрмедегі ДАИШ ұйымының жақтастары көрінеді. Олар жексенбі күні түрменің үш қызметкерін тұтқынға алып, бостандыққа шығаруды талап етеді. Қолдарында суық қару болған. Кейін өз іштерінде келіспеушілік туындап, текетірес басталып кеткен. Тәртіпке шақырған колония қызметкерлеріне бағынбай, қарсы шабуылдайды. Бірнешеуін жарақаттаған. Түзету жүйесінің басшысы мен түрме бастығы, сонымен қатар 8 адам ұсталды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. 

Д. Қайыртай