Қазақстандағы президент сайлауына ТМД Байқаушылар миссиясынан 300 адам қатысады. Бұл туралы ТМД атқару комитетінен хабарлады. Комитет төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминскийдің сөзінше, байқаушылар сайлауды ел аумағында түгел қамтуға тырысады. Қазір бұл іске ат салысуға ТМД елдерінен 90 өкіл өтініш білдіріпті. ТМД-ның байқаушылар миссиясының өкілдері осыған дейін қалыптасқан қағидаттар бойынша жұмыс істейтінін жеткізіп, елдің ішкі ісіне араласпаймыз деп сөз берді. Айта кетелік, ТМД-ның байқаушылар миссиясы 2015-2016 жылдары өткізілген екі сайлау науқанын бақылауға қатысқан.
Виктор ГУМИНСКИЙ, ТМД АТҚАРУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Біздің миссияның мақсаты басқа ұйымдардан бөлек. Біреудің айтқанына құлақ түрмейміз, Көргеніміздің бәрін қағазға қаттап, тиісінше рәсімдеп, заң органдарына жібереміз. Сосын олардың жауабын аламыз. Бұл ел заңына қайшы келмейді әрі сайлау нәтижесіне әсер етпеуі мүмкін. Бірақ кей жағдайда қылмыстық істің де қозғалуы мүмкін.
Е. Карин