Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қазақстандықтардың банктерге қарызы ұлғайып барады

AstanaTV
20.05.2019ж. 20:00
2896
Қазақстандықтардың банктерге қарызы ұлғайып барады

Жыл сайын несиеге сұраныс артып барады. Қазақстандықтардың банктерден алған несиесі алғашқы 3 айда 5 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 1 триллионға артық. Ақпаратты Ұлттық банкке сілтеме жасаған ЛС порталы хабарлады. Қазақстандықтар 1,48 трлн қарызды құрылыс жүргізуге және үй сатып алу үшін алған. Көбі ипотекаға жұмсалған. Ол 1,38 трлн теңгені құрайды. Қарыз өткен жылдардағыдан 35 пайызға өскен. Ал тұртынушылық несие алғашқы 3 айда былтырғы 3 триллионнан 3 жарым триллион теңгеге артып отыр. Ал қаржы институттарынан алынған барлық қарыздың 1 трлн теңгесі мерзімінде өтелмей келеді. 

Г. Меңдеева