2025 жылға дейін 650 мың отбасы немесе 2 миллионнан астам адам баспанамен қамтамасыз етіледі. Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың үгіт-насихат тобы Ақтөбе облысына барды. Олар сайлауалды бағдарламада тұрғын-үй құрылысына ерекше көңіл бөлетінін еске салды. Партия өкілдері тұрғын-үй мәселесі алдағы уақытта толық шешіледі, дейді. Жоспар іске асса, баспанаға қол жеткізу жеңілдей түсіп, ұстаздар мен дәрігерлерді үймен қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарлама іске қосылады.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ :
Сайлауалды бағдарламада алдымызда тұрған жылдары 40 000 қазақстандық отбасыға жалға берілетін пәтерлерге қол жеткізу мәселесі қарастырылған. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтардың баспана мәселесін шешуге басымдық беруде. Осыған байланысты арнайы мемлекеттік бағдарламалар, облыстық бағдарламалар жұмыс істейтін болады.
Республикалық қоғамдық штаб өкілдері Алға ауданы Бестамақ ауылдық округіне де барды. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында елді-мекендерге су және интернет желілері тартылып, ескі жолдар тегістелетінін айтты.
М. Дюсекина