Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қол астындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылар жауапты болады - Қ. Тоқаев

AstanaTV
20.05.2019ж. 20:00
3364
Қол астындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылар жауапты болады - Қ. Тоқаев

Қол астындағы қызметкер жемқорлықпен шатылса, бірінші басшы жұмыстан кету жөнінде өтініш жазуға міндетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай дейді. Бүгін оның төрағалығымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиын өтті. Онда Мемлекет басшысы соңғы үш жылда 900-ден астам адамның жемқорлықпен ұсталғанын, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуына осындай оқиғалардың кедергі келтіретінін жеткізді. Президент жемқорлыққа төзбейтін қоғам қалыптастыру үшін бірнеше мідеттер ұсынды. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Егер біз жемқорлықты түбегейлі жоюды міндет етіп алсақ, меніңше, мемлекеттік орган басшылары мұндай жағдайда отставкаға кетуі керек. Олардың отставкаға кетуін қабылдауды немесе қабылдамауды Мемлекет басшысы шешеді. Бірақ жұмыстан босату туралы арыз жазуы міндетті шара болуы керек.

М. Дюсекина