$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде оқушылар жаппай астан уланған мектептің асхана меңгерушісіне ірі көлемдегі айыппұл салынды

AstanaTV
21.05.2019ж. 20:00
3344
Ақтөбеде оқушылар жаппай астан уланған мектептің асхана меңгерушісіне ірі көлемдегі айыппұл салынды

Ақтөбеде оқушылар жаппай астан уланған мектеп асханасын жалға алған кәсіпкер жазаланды. {+КСМ} Оған санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 820 мың теңге айыппұл салынған. Бұл туралы облыстық сот хабар таратты. Асхананы жалға алған кәсіпкердің тағамдарды сақтау талаптарын бұзғаны және санитарлық-эпидемиологиялық құжатсыз жұмыс істеп келгені белгілі болды. 

Анар АЙТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жеке кәсіпкер Наурызбаевқа ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463 бабының 1 бөлігі, 425 бабының 2 бөлімімен Ақтөбе қаласының №9 мектеп-гимназиясы жанындағы асхананы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз пайдалану фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 күн мерзімге қызметін тоқтата тұру және 820 625 теңге құрайтын 325 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, оқиға 19 сәуірде №9 мектеп-гимназияда болған. Мектеп асханасынан түстенген жиырма бес бала мен бір мұғалім астан уланып, ауруханаға түскен. Науқастардың барлығынан жедел ішек инфекциясы анықталды. Тексеру кезінде асхананы жалға алушы кәсіпкер мен наубайшыдан стафилококк инфекциясы табылған. Мұнан соң мектептің директорына «қатаң сөгіс» жарияланған еді. 

Б. Рахметова