Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Adidas пен Nike Дональд Трампқа хат жолдады

AstanaTV
21.05.2019ж. 20:00
2180
Adidas пен Nike Дональд Трампқа хат жолдады

Ал Америкалық Adidas пен Nike секілді белгілі брендтер Трамптан араша сұрап хат жазды. Алып компаниялар Қытайдан келетін аяқ киімге тарифті көтермеуді сұрайды. Рейтерстің хабарлауынша, 25%-дық салық тұтынушы санын күрт азайтады. Өйткені импорт құны көтерілсе, тауардың бағасы да шарықтайын деп тұр. Нақтырақ айтсақ, спорттық аяқ киім бағасы 100%-ға дейін қымбаттамақ. «Америка аяқ киім сатушылар» қоғамдастығы тариф өссе, тұтынушылар жылына 7 млрд доллар шығынға батады, - дейді. Бұған дейін Трамп Қытайды сауда келісімін бұзды деп айыптап, 200 млрд доллардың тауарына баж салығын көтерді. Тағы да 300 млрд доллардың тауарына санкция саламын деп, сес көрсеткен. Тарифті көтермеу туралы хат АҚШ-тың Қаржы, Сауда министрлері мен Ұлттық экономика кеңесінің директорына да жолданды. 

А. Бектас