$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тек 30 процентке жуығы ғана өңделеді

AstanaTV
21.05.2019ж. 20:00
2718
Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тек 30 процентке жуығы ғана өңделеді

 Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тек 30 процентке жуығы ғана өңделеді. Егер өңдеу цехын көбейтетін болсақ ауыл шаруашылығы экономиканың драйверіне айналар еді. Семей қаласы ұн-құрма жем зауытының жұмысымен танысып, президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбектовтің сайлауалды тұғырнамасын талқылаған үгіт тобы осы мәселені көтерді. Қазір зауыт айына 15 мың тоннаға дейін дайын өнім шығарады. Жұмысшылар бұл көрсеткішті көбейтуге болатындығын айтады. Сондай-ақ ірі қаладағы кәсіпорындарға басымдық беріліп, шалғай ауылдардағы қожалықтар назардан тыс қалып қоятынын да атап өтті.

Бердібек УЛЯНОВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР Т. РАҚЫМБЕКОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ :

Жалпы Семей өңірі ғана емес, бұл сұрақ бүкіл ел көлемінде көтеріліп жүрген түйіткілді сауал десек те болады. Яғни, бұл сауалдың шешу жолдарын, бағаттарын, нақты міндеттерді осы кандиттың сайлауалды бағдарламасында кездестірсек болады.

Ә. Өмірзақ