Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Кәсіпкерлік білім беру саласының сарапшылары астанада

AstanaTV
22.05.2019ж. 20:00
2176
Кәсіпкерлік білім беру саласының сарапшылары астанада

Кәсіпкерлік білім беру саласының сарапшылары астанада. 11 мемлекеттен келген мамандар екі күн бойы саладағы үрдістерді талқылап, тәжірибелерімен бөліседі. Халықаралық форум үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл Университеттен кейінгі кәсіпкерлік, тайм-менеджмент, келіссөз жүргізу өнері, жаңа буынды бизнеске баулу сынды тақырыптарда тренингтер мен шеберлік сағаттары өткізілмек. Алматы менеджмент университеті өздері жүзеге асырып отырған «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасын таныстырды. Оған елдің 4 өңірінде орналасқан 8 университет қатысқан. Күні кеше бұл жоба Қостанайда ісспармен жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа да таныстырылған еді. 

Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ, ALMATY MANAGEMENT UNIVERSITY ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекет, бизнес және білім саласы бірігіп жұмыс істегенде ғана кәсіпкерлік білім беру дамиды. Қазір шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынып отыр. Ал ондай кәсіпкерлер қайдан шығады? Оларды оқыту керек. Қазір біз елдің 4 облысында колледж және жоғары оқу орындарының студенттерін кәсіпкерлік экономикаға оқыту бойынша жоба іске асырып жатырмыз.

Д. Қайыртай