Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қ. Тоқаев зейнеткерлерге қолдау көрсетудің жаңа форматын енгізбек

AstanaTV
21.05.2019ж. 20:00
3500
Қ. Тоқаев зейнеткерлерге қолдау көрсетудің жаңа форматын енгізбек

Аға буын өкілдеріне қолдау көрсетудің жаңа форматтарын енгіземіз. Зейнетақы реформасын жалғастырып, зейнеткерлеріміздің өмір сүру сапасын жақсартамыз. Бұл Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоспарлаған ісі. Бүгін кандидаттың республикалық қоғамдық штабы Батыс Қазақстан облысынадағы биыл ғана атауы жаңарған Бәйтерек ауданына барды. Бұл халық көп шоғырланған мекен. Штаб өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, президенттікке үміткердің сайлауалды платформасының тарауларын түсіндірді. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Өрлеу деген сөз - біздің үлкен адамдарымызға зейнетақысын дұрыстап төлеп беріп, жыл сайын көбейту деген сөз. Бұл енді бір орында тұрып қалмай, ары қарай да көбейтіп, сонымен қатар, пенсияда жүрген адамдарымызды қолдап, оларды тек пенсия емес, одан да басқа бір көмектің формасын беру керек деген сөз.

Г. Меңдеева